"Shuǵylakіtap" баспасы" ЖШС-і отыз жылдан бері кітап өнімінің нарығында қызмет етуде. Осы жылдар бойы біз Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен табысты жұмыс істеп жатырмыз. Баспамыз балаларға арналған екі-үш тілде танымдық-дамытушы және ойын әдебиетін және бірінші кіші топтан (2-3 жас) бастап бастауыш мектепті қоса алғанда мектепке дейінгі тәрбие және оқу жүйесіне әдістемелік кешендерді шығарады - бұл әдістемелік құралдардың, жұмыс дәптерлердің, мультимедиа және танымдық-дамытушы кітаптапдың 280-нен астам түрі.
Балаларға ойын түрінде берілетін білім өте көп - еліміздің тарихы мен табиғаты, мәдениеті мен салт-дәстүрі туралы әңгімелерден бастап ғаламшар, археология, жер қойнауы, адамның азғасы және оның табиғатпен қарым-қатынасы туралы хиқаяларға дейін. Сиқырлы саяхатта балалар қоршаған ортамен танысып, патриот болуды - туған елін, табиғатын сүюді, мейірімді болуды үйренеді, ойын арқылы тілдерді меңгереді, ой-өрісін кеңейтеді, шығармашылық қабілеттерін дамытады, себебі кітаптар өткен тақырыптарды бекіту және логикалық ойлауды дамыту үшін ойын және дамыту материалды қамтиды.
Баспамыз қазақ және орыс әліппелерін оқыту бойынша 75 анимациялық бейнесабақ шығарды, әр сабақтың ұзақтығы - 7 минут. Оны шығару үшін он бес жоғары білікті маман бірге жұмыс жасады. Оқу ақпаратының көлемі, құрылымы және оны түсіндіру әдістері Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың және Мектепке дейінгі және мектеп тәрбиесі мен оқудың үлгілік оқу бағдарламасының талаптарына толық сәйкес келеді. Сауаттылық бойынша өткен тақырыптарды бекіту үшін біз жұмыс дәптерлерін ұсынамыз. Қазақ тілінде сауат ашу үшін «Әліппе патшалығы» және «Әріп –дыбыстың сиқырлы елі» жинағы, орыс тілінде - «Королевство Азбуки» және «Волшебная страна «Буквозвукия» жинағы. Бір жинақтың бағасы - 600 теңге.
Кыркүйек айына қарай біз бес жастағы балаларға арналған Математика негіздері бойынша анимациялық бейнесабақтарды шығарамыз.